Bugin
Батыс Қазақстан облысындағы жекеменшік демалыс орнында жасөспірім суға түсіп қайтыс болды.
Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2006 жылы туған жасөспірімнің денесі 5 тамызда сағат 19:00-де судан шығарылды.
Ол сағат 17:40 шамасында жеке демалыс орындарының біріндегі Карьер жасанды су қоймасында шомылу кезінде суға батып кеткен. Су қоймасы Бәйтерек ауданы, Жайық-2 ауылында орналасқан.
Құтқарушылар мас күйде суға түспеуді, құтқару кеудешелерін пайдалуды, балаларды қараусыз қалдырмауды ескертті, судағы қауіпсіздік ережелерін еске салды.
Қауіпсіздік ережелерін бұзған немесе орындамағандарға әкімшілік жаза — 7 айлық есептік көрсеткіш немесе 24 150 теңге мөлшерінде айыппұл қарастырылған.