Bugin

"Астыртын әрекет": Пәкістанда пойыз рельстен шығып кетіп, 30 адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Пәкістанда 10 жолаушы пойыз вагоны рельстен шығып кетті. Апат салдарынан 30 адам мерт болып, 80 адам жарақат алды.

Бұл туралы теміржол министрі Хаваджа Саад Рафик мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, жол апаты техникалық ақаудан немесе астыртын әрекеттің салдарынан болуы ықтимал.

Жергілікті ауруханаларда төтенше жағдай жарияланды. Іздеу-құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда. Мерт болғандар санының артуы мүмкін.

Өткен айда Пәкістанда нөсер жауыннан 100-ге жуық адам ажал құшқан еді. 

Оқиғаның видеосын мына сілтеме арқылы көре аласыз.