Bugin

Полиция қызметкері суға батқан баланың өмірін сақтап қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Астанадағы қоғамдық бассейндердің бірінде суға батқан баланың өмірін сақтап қалған әйел полиция қызметкері болып шықты. Баланы құтқару сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 

Видеодан ес-түссіз суда жатқан баланы құтқарушы әйелдің шығарып жатқанын көруге болады. Кейін оны ер адам жерге жатқызады. Сол сәтте көмекке демалушы әйелдердің бірі келеді. Ол жүрек-өкпе жаттығуын жасап, баланың тынысын қайтарды. Жедел жәрдем қызметі келгеннен кейін бассейн қызметкерлері баланы дәрігерлерге тапсырды. Қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Ата-анасы баланы құтқаруға қатысқандардың барлығына алғыстарын білдірді. Белгілі болғандай, алғашқы медициналық көмек көрсеткен әйелдің есімі Назым Шәріпова.



Ол “Есіл” ауданының полиция басқармасында анықтаушы болып жұмыс істейді. Сол күні полицей әйел отбасымен бірге демалыста болған. Ол құтқару кезінде балаға зақым келтірмеу үшін ерекше сақтықпен қимылдаған.