Bugin

Қызылордада 61 жастағы науқас аурухана балконынан құлап қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қызылордада көпсалалы облыстық аурухананың 61 жастағы науқасы төртінші қабаттың балконынан белгісіз жағдайда құлап, мерт болды.

Басылым мәліметінше оқиға 6 тамызда орын алған. Науқас белгісіз жағдайда балконнан құлап кеткен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның себебін анықтап жатқанын атап өтті.

Қызылорда қалалық полиция департаменті әйелдің өлімін растады. Полицейлер "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.