Bugin
Кезінде күллі елді дүр сүлкіндірген адамжегіш Николай Жұмағалиев Алматы облысы, Ақтас ауылындағы жындыханада ем алып жатыр. Ол жуық арада босап шығуы мүмкін.
Жұмағалиев 1978 жылы жұмыстан қайтып келе жатқан жас келіншектің ізіне түсіп, оны қлтіріп қанын ішкен. Мәйітпен жыныстық қатынасқа түскен. Тіпті жамбас етін үйіне алып кетіп, тамақ дайындаған.
«Бұлай өмірі қыршынынан қиылған қыздардың саны деректерде 57 делінгенімен шын мәнінде одан көп», - дейді Жұмағалиев жатқызылған жындыхананың психологы Ақмарал Шегентайқызы.
Жасы 70-ке таяған Николай Жұмағалиев шизофрения ауруымен ауырады. Кез-келген уақытта тосын мінез танытып кетеді.
Шизофрениктер қалыпты кезеңде жүріп, аяқ асты түлен түрткендей өзгеріп шыға келеді. Бойына адам сенгісіз күш бітеді. Кез келген ауыр жиһазыңызды көтеріп лақтырып жіберетіндей күшке мінеді.
Шизофрениктерді, олардың бойындағы ерекшелікті байқай бермейміз. Адам өлтіргенде ғана біліп жатамыз.
Шизофрениктерде фикс идея болады. Олардағы фикс идея – әлемді жезөкшелерден тазарту. Николай Жұмағалиев анасы жеңіл жүрісті болғаны үшін қыздарды жек көрген деседі. Сол үшін әйел затының жанын қиған.
Психолог жасы келген Николай Жұмағалиевтің бостандыққа шығуы мүмкін емес деген ақпаратпен бөлісті.