Саясат

Мұғалімдер оқушылардан ақша талап етіп жүр

Атырау облысында «Атырау адалдық алаңы» жобасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жиі жүргізіп келеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Жақында аталмыш жобалық кеңсе облысымыздағы мектеп арасында қоғамдық бақылау жүргізген болатын.

Мектеп қабырғасында оқушылардың деңгейін анықтау мақсатында ақылы түрде «Золотое руно», «Кенгуру» секілді тест жұмыстары жиі жүргізіледі. Облысымызда орналасқан «Дарын» мектебінде дәл осы ақылы білім сайыстарына мониторинг жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде мұғалімдер арқылы оқушылардың ата-аналарынан қаржы жинау дерегі анықталды. Оқушылар да бұны жоққа шығармады.

«Атырау адалдық алаңы» жобасы мамандарының айтуынша, әр ата-ана өз балаларын тестке қатыстыру үшін Атырау облысы білім басқармасына қарасты облыстық әдістемелік орталықтан ұсынылған арнайы реквизитке қаражатты тікелей өздері аударуы қажет. Бұндай мәлімдемені ата-анаға жеткізбеген мұғалімдер ақшаны қолма-қол жинайтындығы белгілі болған.

Қоғамдық бақылау қорытындысымен жобалық кеңсе аталған мектеп басшылығына кемшіліктерді жою туралы ұсыныс берді. Ал мектеп басшылығы олқылықтарды дереу жоюятындығын жеткізді.