Bugin

850 білім грантына өтінішті кімдер бере алады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 2023-2024 оқу жылына 850 білім грантын бөлді. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Алдымен бұл бағдарлама бойынша кімдер конкурсқа қатыса алатынын айта кетейік:

  • Ағымдағы жылы ҰБТ тапсырған (қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз ҰБТ сертификаттарының бірін ұсынуға болады) және жоо-ға түсу үшін шекті балдарды жинаған түлектер:
  • ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы жағдайы төмен отбасылардан шыққан адамдар;
  • жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • мүгедектігі бар азаматтар;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары;
  • 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;
  • төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары.
  • Бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды.
  • Өтініш беру мерзімі: 10-17 тамыз.
  • Құжаттарды ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы тапсыру керек.

Ескерту: Грант иегері оқуын аяқтағаннан кейін оны өтеуге міндетті емес.

Бұған дейін Грант жеңіп алмағандарға қандай мүмкіндіктер барын жазған болатынбыз.