Bugin

Жақында ғана жөндеуден өткен перзентхана шатырынан су кетті (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жезқазғандағы перзентхананың жөндеуден кейінгі видеосы желіде тарады. 

Жаңбыр кезінде перзентхананың төбесінен су аққан. Куәгер 9 қабатты перзентхананың бір бөлмесін видеоға түсіріп алған. Желі қолданушылары ғимараттың шатыры жақында ғана жөндеуден өткенін жазды. 

Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы видеодағы көріністі растады. Басқарманың айтуынша, мердігер жұмысты сапасыз жүргізген. Ал жөндеуге 37 млн теңге бөлінген. Бірақ мердігерге жұмыс ақысы төленбеген. Қазіргі уақытта мердігердің үстінен іс қозғалып, сот процесі жүріп жатқанын айтып өтті. 

Сондай-ақ департамент оқиға кезінде су басқан палаталарда науқастар болмағанын айтты.

Көпшілік арасында резонанс тудырған видеоны мына сілтеме арқылы көре аласыз.