Bugin
Қонаевтың жеке күзетін басқарған генерал Амангелді Шабдарбаев Abay Live YouTube арнасына берген сұхбатында Дінмұхамед Қонаев пен Нұрсұлтан Назарбаевтың арақатынасы туралы айтты.
Оның айтуынша, екі тұлғаның арасында Желтоқсан оқиғасына байланысты кикілжің туындаған.
"Соның бәрін (Желтоқсан оқиғасын - еск.) ұйымдастырды деп Қонаевқа айтты. Қонаевқа Горбачев телефон соқты. Мен жанында тұрдым. Горбачев "Димаш Ахмедович, барлық із сізге апарады. Сіз ұйымдастырдыңыз" деді. Димаш Ахмедович "Михаил Сергеевич, мен емес, мен зейнетке кетіп бара жатырмын. Маған не керегі бар" деп телефонды қойды да, қатты ойланып қалды, қорқып кетті. Содан кейін Димаш Ахмедовичке жақсылап тиісті.
Мәскеуге барғанда, "мен емес, кетіп бара жатқан адаммын. Оны менің орныма таласқан адамдардан іздеңдер, сұраңдар" деді. Сонда ол кісі Нұрсұлтан Назарбаевты атады. Сол үшін Нұрсұлтан Назарбаев Димаш Ахмедовичке өшікті, соны кешірмеді. Димаш Ахмедович марқұм болғанның өзінде де Димаш Ахмедович туралы теледидардан айтқызбады, оқулықтарға кіргізбеді, ол кісі туралы жақсы сөйлеттірмеді", - дейді ол.