Спорт

«Тобыл» «Астана» мен «Қайратты» басып озып, ҚПЛ-да көш бастап келеді

Әзірге үш команда да жеңіліс тапқан жоқ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қостанайлық «Тобыл» футбол командасы үшінші тур ойындары біткеннен кейін, премьер-лига кестесін басқарып келеді, - деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Vesti.kz – ке сілтеме жасап.

Әзірге премьер-лигада үш ойында үш команда тоғыз ұпайдан жинап, жеңіліссіз келеді. «Тобылдан» бөлек, қазіргі чемпион «Астана» мен алматылық «Қайрат». Қостанайлық клуб қарсыластарынан доп айырмасы бойынша озып тұр.

«Тобыл» үш турда сегіз доп салып, бір доп өткізіп алған. «Астана» сегіз доп кіргізіп, екі доп өткізсе, «Қайрат» жеті доп салып, өз қақпасына екі доп өткізіп алған.