Bugin
Алматы облысы Қарасай ауданында медбикенің өліміне себеп болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы тілшісі polisia.kz сайтын сілтеме жасап.
7 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Қарасай ауданының ауруханасына кеуде қуысының жарақатымен 45 жастағы әйел түскен, кейін ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болған.
"Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Кісі өлтіру») бойынша аудандық полицияда тіркелді. Арнайы іс-шара барысында тәртіп сақшылары 42 жастағы Қошмамбет ауылының тұрғынын анықтап, оны бір сағаттың ішінде ұстады. Қазіргі уақытта аталған деректі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады полиция.
Ұсталған азамат әйелге жұмысына қатсыты себеппен емес, жеке мәселені шеше алмағандықтан пышақ сұққанын айтқан.