Bugin

Жетісу облысында бір отбасы мінген көлік жол апатына түсті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам қаза болды.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, факт 8 тамызда Көксу ауданында тіркелген. Оқыс оқиғадан әйел қаза тауып, бала зардап шеккен.

"39 жастағы ер адам тізгіндеген Mercedes Benz көлігі Алматы-Өскемен тасжолының 235-шақырымында аударылып қалған", - деді полицейлер.

Жүргізушінің 35 жастағы әйелі оқиға орнында қаза болған. Сондай-ақ олардың екі жасар баласы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Жол-көлік оқиғасы бойынша соталды тергеу басталды.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61