Bugin

Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан бірнеше адам көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент маңында қалааралық жолаушы тасымалдайтын автобус пен ауыр жүк көлігі соқтығысты.

Жол көлік апаты республикалық маңызы бар "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолының бойында болды. Полицияның дерегінше, "Van Hool" маркалы автобусының оң жақ доңғалағы жарылып, жолдың екі жақтамасын бөліп тұратын темір қоршауды қиратып, қарсы бағытта келе жатқан "МАN" маркалы жүк көлігінің артқы тіркемесіне соқтығысқан. Автобустың жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Ал Жетісайдан Астананы бетке алған 18 жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Оның бірі ауруханаға жеткен бойда жан тапсырды.

Жол апатына ұшыраған тағы екі ересек адам облыстық клиникалық аурухананың ортапедия –травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Олардың жағдайы орта дәрежелі ауырлықта. Тиісті емін қабылдауда. Айта кетейік, медициналық көмекке жүгінгендердің үшеуі кәмелет жасына толмаған бала.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61