Bugin
Ішімдік ішкен ана баласын аяусыз ұрып тастаған видео тарады.
Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Өз перзентін аяусыз ұрған ана жауапқа тартылуы мүмкін.
ЮНИСЕФ дерегінше, елдегі ата-ананың 67 проценті бүлдіршінін ұрып тәрбиелейді.
"25-35 жас аралығындағы ата-аналар қазіргі балалардың психикалық жағдайына көбірек көңіл бөлуде. Ал, 35 жастан асқан ата-аналар кішкене қиындау. Олар оны қалыпты жағдай деп есептейді көбінесе",-дейді психолог Лаура Жексембаева.
Әлемнің 42 мемлекетінде балаларды ұруға толық тыйым салынған. Ал, Африка мен Шығыс Азияда балаларды жазалауға заңды түрде рұқсат беріледі. Қазақстанда бүлдіршіндер мен жасөспірімдерді ұруға болмайды деген арнайы заң жоқ. Бірақ Қылмыcтық кoдeкcте кәмелетке толмаған балаға кімде-кім зақым келтірсе жаза қарастырылатыны айтылған.