Bugin

18 жастағы қыз оқушыны соққыға жыққан (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ташкентте 18 жастағы қыз оқушыны соққыға жыққан. Оқиғаны қыздың достары видеоға түсіріп алған.

Әлеуметтік желіде оқушы қыздың соққыға жығылған видеосы пайда болды. Кадрлардан қыздардың біреуі екіншісін тізерлеп отыруға мәжбүрлеп, кейін құлатып, үстіне отырып бетінін ұрып жатқаны көрінеді.

Ташкент МІІБ жағдайды анықтаған. Ақпаратқа сәйкес, 20 шілдеде 18 жастағы қыз 17 жастағы оқушы қызды Чиланзар ауданына "арадағы кикілжіңді шешу үшін" шақырған. Әңгіме барысында қыз оқушыны ұрып, оны жерге құлатып, ұрып-соғуын жалғастырған. Оқиғаның видеосы Желіде тарап кеткен. Алайда жәбірленушінің туыстары да, өзі де полиция бөліміне арызданбаған.

Тәртіп сақшылары мән-жайды анықтап, бұзақы қызды анықтаған. Дерек бойынша 183-бап ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік хаттама толтырылғаны айтылды. Құжаттар аудандық сотқа жіберілген.

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.