Спорт
Лука Зидан да «Реалдың» ойыншысы
Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан Испания чемпионатының 29-шы турындағы «Уэскамен» болған ойын туралы өз пікірін білдірді.
«Бұл өте әдемі ойын болды. Бізге көп еңбектенуге тура келді, алайда біз «Уэсканы» да құттықтауымыз керек. Өзіміздің психологиялық жағдайымызды жақсарту үшін, бізге жеңіс керек болды. «Уэска» жақсы ойын көрсетті, біз жеңіп алған ұпайларымызбен ризамыз.
Лука үшінші қақпашы. Куртуа ойнауға дайын болмады. Кейлор ойнауға болатын еді, алайда, біз оған демалыс бердік. Мен Луканы ұлым болғаннан кейін алаңға шығарған жоқпын. Ол да, өзгелері сияқты «Реал» ойыншысы. Әкесі ретінде оның ойыны туралы ештеңе айтпаймын, себебі, мен бапкермін. Жалғыз айтатыным, Лука ер жетті, оның ойнай алатындай мінезі бар.
Біздің алғаш жіберіп алған добымыз – қателік. Жалпы біз жақсы ойын өткіздік. Біз әрқашан жеңіске ұмтыламыз. Бірдеңе өзгерту керек еді, сол себепті алаңға Мариано шықты. Бұл өз жемісін берді.
Бенземаның «Реалда» жүргеніне 10 жыл. Мүмкін бұл маусым оның үздік маусымы шығар. Мен Каримге сенім артамын. Бензема «Реалдың» ойыншысы, оның бұны өзгерткісі келеді деп ойламаймын», – деген Зидан сөздерін El Chiringuito келтіреді.