Bugin
Павлодарда есірткіні жасырып қойып кетумен айналысқан жігіт ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме беріп.
Қаладағы Ворушин көшесінде облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткіні жасырып қойып кетумен айналысты деген күдікпен 18 жастағы жігітті ұстады. Ол еш жерде жұмыс істемеген.
Күдіктіден салмағы 28 грамнан асатын 40 түйіншекке салынған синтетикалық есірткі тәркіленді.
Бүгінде Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша («Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу, жөнелту немесе өткізу үшін оларды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау») қылмыстық іс қозғалды.
Жас жігіт қамауға алынды. Бұл қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.