Bugin
Арыста екі спортшыны атып кетті.
"Қазіргі уақытта арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктілерді ұстау жоспары қабылданды. Күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша қажетті шаралар жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді Түркістан облысы ІІД криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы Ермек Сәрсенбаев.
Қаладағы белгілі спортшының үйіне екі ер адам келіп, оқ жаудырған. Салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екеуі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Бұрынғы спортшы, боксшы, жүлдегер Алмас Жолдасов пен жас спортшы Жандәулет Қабылов қайтыс болды.
"Куәгерлердің айтуынша, екеуінің де басынан оқ жарақаттары бар. Қылмыскерлер бақылау оқтарын атқанға ұқсайды. Үйдің ауласында болған тағы екі ер адам зардап шекті. Олардың бірі – үй иесінің досы, полиция қызметкері, ол ресми демалыста болған. Екеуі де жараланған, ауруханада жатыр", - делінген хабарламада.