Bugin

Ақмола облысында ер адам өз анасын аяусыз ұрып-соққан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақмола облысында ер адам анасына қол көтерген.

"Ақмола облысында 51 жастағы ер адам өз анасына дене жарақатын келтірді деген күдікке ілінді. Аталған факті бойынша Аршалы аудандық полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда", - деді полиция.

Бұған дейін қарт әйелдің қызы ағасының 85 жастағы анасын жарақаттағаны туралы полицияға арызданған болатын.

"3 тамыздағы сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, шабуыл жасаушының әрекеті "Денсаулыққа келтірілген зиянның орташа ауырлығы" деп бағаланды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Еске салайық, 1 шілдеден бастап Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатайтатын заңнамаға енгізілген түзетулер күшіне енді", - деп қорытындылады полиция.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61