Bugin

Қазақстандық байлар Байденнің отбасына не үшін миллиондаған қаржы аударған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ Өкілдер палатасының қадағалау комитетінің төрағасы Джеймс Комер ел президенті Джо Байденмен байланысты халықаралық операциялар қарастырылған есеп жариялады. 

Баяндамада вице-президент лауазымын атқарған кезінде Байден отбасы мен оның іскери серіктестері Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлерінен қомақты ақша алғаны айтылған.

"Комитет Байден отбасының банктік шоттарына Қытай, Румыния, Қазақстан, Ресей және Украина сияқты шетелдік көздерден миллиондаған доллар түскенін анықтады. (...) Алайда, Байдендер мен олардың серіктестері шетелдік көздерден алынған 20 миллион доллардан астам сомаға қандай қызметтер немесе мәмілелер жасағаны туралы түсініктеме берілген жоқ", – делінген құжатта.

Есепте қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышевтің қаржылық операциялары туралы да айтылады.

Рақышев Fincraft Group және Net Element компанияларын басқарады, сондай-ақ Fastlane Ventures директорлар кеңесіне мүше және Singulariteam негізін қалаушылардың бірі. Ол Forbes журналының нұсқасы бойынша "Қазақстанның ең бай 50 кәсіпкері" және "Қазақстанның ең ықпалды 50 кәсіпкері" қатарында.