Bugin

Семейде терроризмді насихаттаған азаматтар сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Семей соты терроризм актісін жасауға және өз таныстарын құқыққа қайшы әрекеттерге итермелеуге жария түрде шақырды деп айыпталған жергілікті екі тұрғынды соттады.

Терроризмге қарсы орталықтың мәліметінше, екі азамат та бұрын осындай қылмыс үшін сотталған. Бұл жолы оларды сот 9 және 7,5 жылға соттады.

"Абай облыстық сотының жаза мерзімін өзгерту бойынша берілген апелляция өзгеріссіз қалдырды", - делінген хабарламада.

Тергеу мәліметтері бойынша, екі рецидивист те "сенушілерге радикалды діни идеологияны белсенді түрде таратып, бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін жасауға шақырды". Олардың кінәсі айғақтармен, заттай дәлелдемелермен және операциялық материалдармен толық дәлелденген.

"Радикалдар қатаң режимдегі түрмеде жазасын өтейді", - деп мәлім етті орталық.