Bugin

Нұрлан Мәсімовке сот үкімі шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Павлодар облысы полициясының бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оның мүлкі тәркіленеді.

Бұған дейін прокуртор Нұрлан Мәсімовті қылмыстық кодекстің 366, 189 және 392-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танып, 13 жылға соттауды сұраған еді. 

Сондай-ақ прокурор сотталушыны мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыруды және "Айбын" екінші дәрежелі орденімен бірге полиция генерал-майоры атағын қайтаруды сұрады.