МӘДЕНИЕТ

Абай Құнанбайұлы туралы қызықты деректер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін, 10 тамызда елімізде "Абай күні" атап өтіліп жатыр. Bugin.kz порталы Абай Құнанбайұлына қатысты қызықты деректерді ұсынады.

Абай Құнанбайұлы 10 жасынан бастап өлең жаза бастаған. Өз туындысын Көкбайдың атынан жариялаған ол ел басқару шаруаларына 13 жасынан араласқан. 21 жасында болыс болады.

Ақынның алғашқы махаббаты – Тоғжан. Ол бірінші жары Ділдәға 1860 жылы 15 жасында, екінші әйелі Әйгерімге 30 жасында үйленген. Әмеңгерлік жолмен алған әйелінің есімі – Еркежан. Ол Абайдың інісі – Оспанның қалыңдығы.

Оның саяси көзқарасының қалыптасуына ықпал еткен бірқатар орыс зиялысы бар. Олар: Е. Михаэлис, А. Леонтьев, С. Гросс, А. Блек, П. Лобановский, Н. Коншин, Н. Долгополов және тағы басқа.

Абай Көкбайға "Наурызбай туралы" дастан жазуды тапсырды. Десек те, Наурызбай батырдың Ақауызын суреттеген тұсына көңілі толмай "Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ" атты өлеңін жарыққа шығарады. Бұл шығармада суреттелетін арғымақ та Ақауызға ұқсамай, Көкбай жазған "Наурызбай - Фатима" атты жырға енбей қалады.

Мұхтар Әуезов жазған "Абай жолы" романы саяси талапқа байланысты "бұрмаланған" деген дерек бар. Мәселен, байдың қызы Ділдә мен жағдайы төмен отбасыдан шыққан Әйгерім екеуінің образы ауысқан деп айтылады.