Bugin

Зорланған павлодарлық жетім қызға тағы да ота керек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Зорлық көріп, кейін 10 қабатты үйдің терезесінен секірген павлодарлық қызға жаңа ота жасалады, әзірше ол өз бетімен жүре алмайды.

Павлодарда былтыр шілде айында 16 жастағы жетім қыз зорланды. Қорлыққа төзбеген жасөспірім 10 қабатты үйдің терезесінен секірген. Алған жарақаттарынан кейін оған бірнеше ота жасалған.

Сот қызды зорлаған және қылмыс туралы хабарламаған тұрғындарға қатысты үкім шығарды. Сот отырысында жас қызға тағы бір ота жасату керек екені белгілі болды. Облыстық балалар ауруханасынан зардап шеккен қызды шығарды. Қазірде ол Жастар үйінде тұрады. 

"Мен сіңліммен әрдайым байланыстамын. Оған жиі келіп тұрамын. Психологиялық, физикалық тұрғыдан жасайтын жұмыс әлі де өте көп. Оның жағдайы нашарлап кетпесе де, әлі де тұрақсыз. Күні бүгінге дейін қорқыныш сезімі кетпейді, жаман түстер көреді", - деді оның әпкесі.

Жасөспірімнің әпкесі сіңлісін емдеген барлық дәрігерге алғыс айтты.

"Менің сіңілім ветеринар болғысы келеді. Болашақта өзіне көмек қолын созған адамдар сияқты ол өзінің қайырымдылық қорын ашуды армандайды", - деді Дарья Дмумушева.