Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com10 тамыз күні Шемонаиха қаласында 52 жастағы әйелдің жоғалып кеткені жайлы хабар түсті.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 10 тамыз күні Шемонаиха қаласында 52 жастағы әйелдің жоғалып кеткені жайлы хабар түсті.
Ол таңғы сағат 7.17-де Калинин көшесіндегі үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған. Кейбіреулер полицияға оның Үлбі өзеніне қарай бара жатқанын көргенін жеткізді.
"Сол күні әйел адамның мәйіті Үбе өзенінің жағасынан табылды. Алайда оның нақты неден көз жұмғанын әлі белгісіз. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Қалған ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) жария етілмейді", - делінген ақпаратта.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61