Bugin
Айтыскер ақын, психология ғылымдарының кандидаты Мұхамеджан Тазабек тұрмысқа шықпаған қыз-келіншектердің қателігі туралы айтты.
Мұхамеджан Тазабек болашақ жарыңды Құдайдан сұрағанда бар жақсы қасиеттерін тізіп айту керек дейді.
“Қыздар, “күйеуім маймылдан сәл әдемі болса болды” деп айтпаңыздар. Кейде қыздар солай әзілдеп жатады. Маймылдан сәл әдемі жігітті не істейсің? Сенің құрбыларың сымбатты, көркем ер азаматты таңдап, үйленіп жатқан кезде, сен маймылдан сәл әдемі күйеуіңнен қысылуың мүмкін. Немесе сол күйеуіңнен туған қызыңның түрі онша емес болып жатса, өзіңнің сұрап алғаның. “Жігітім сымбатты, тұлғалы, спортсмен болсын, ауызды толтырып барлық жақсы қасиеттерін айтып, Алладан сұрап алу керек. Алла міндетті түрде береді, Алланың қазынасы кең”, – дейді Мұхамеджан Тазабек.