Bugin

Ер адам семейліктен интимдік сурет үшін ақша бопсалаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Абай облысында интимдік фотосы үшін семейліктен бір миллион теңге бопсалаған ер адам ұсталды.

Абай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығының тұрғынын ұстады.

"Ол шілденің ортасынан бастап танысының интимдік фотоларын таратамын деп, 1 миллион теңге бопсалап келген. Тергеу әрекеттері барысында 150 000 теңге тәркіленді", - деді Абай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқарма бастығының орынбасары Әсет Шахантаев.

Күдіктінің әрекеттері 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны көздейтін ҚР ҚК-ның 194-бабы 1-бөлігі "Бопсалау" бойынша сараланады.