Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚостанайда жеңіл көлік мінген анасы мен қызы жол апатына ұшырады. Әйел қаза тапты.
Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 7 тамызда болып, салдарынан бір адам қаза тапқан.
Полицейлер мәліметінше, 7 тамызда Юбилейный шағынауданында №50 үй маңында ВАЗ 2115 көлігін басқарған 34 жастағы әйел Узкоколейный ауылына қарай бара жатқан.
"Ол "жол бер" белгісін елемеген. Салдарынан "Мерседес" жүк көлігімен соқтығысқан. Көлік тізгініндегі әйел қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Жеңіл көліктің жолаушысы 2021 жылы туған қыз дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61