Bugin

Гүл сататын дүкенде дау тудырған екінші адам анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте сатушыны ұрып, гүлді алып кеткен ер адамның жанында Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары болған.

"2023 жылғы 10 тамызда Шымкенттегі гүл дүкеніндегі оқиғаға қатысты әлеуметтік желілерде тараған видеода құқық бұзушының қасында болған екінші адам – Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Данияр Елқонды. Осыған байланысты Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан мән-жайды анықтау мақсатында 10 тамызда қызметтік тергеу тағайындалды", - делінген хабарламада.

Данияр Елқондының мәселесі тәртіптік комиссия отырысында қаралады.

Сондай-ақ Шымкент  кірістер комитеті қабылданған шаралар туралы қосымша хабарлайтынын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Шымкенттегі Romantic гүл дүкенінде қарақшылық қылған азаматтың кім екендігін хабарлаған болатынбыз.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61