Bugin
Шымкентте жасөспірім полиция көлігін айдаған, полиция тергеу жүргізуді бастады.
Әлеуметтік желілерде полицияның қызметтік көлігі бейнеленген видео тарады. Рөлде жас жігіт отырған.
Видеоны құқық қорғаушы Айгүл Орынбек жариялады.
“Тағы да Шымкент! Бұл жолы Полиция қызмет көлігін белгісіз жас жігіттер зуылдатып мініп жүр… Бұл көлік – жекеменшік емес, мемлекеттің мүлкі! Сосын бұл көлікке құйылатын бензин де мемлекет есебінен, яғни сіз бен біздің – халықтың салығынан құйылады! Мен дәл осы жайтты мемлекеттің қаржысын талан-таражға салу, мемлекеттің мүлкін мақсатсыз пайдалану –қылмыс деп есептеймін! Министр Марат Ахметжанов мырза, Сіз қалай ойлайсыз?”, – деп жазды ол.
Полиция мәліметінше автокөлікті полиция департаменті бөлімшелерінің бірінің басшысының туысы басқарғаны анықталған.
“Қаратау АПБ қызметкерлері лауазымды тұлғаға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612-бабы 5-бөлігі "Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы" бойынша әкімшілік хаттама толтырғанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта осы факт бойынша Шымкент қаласының ПД жеке құрамы инспекциясы қызметтік тергеу жүргізуде, оның нәтижелері бойынша атқаратын лауазымынан шеттетілгенге дейін тәртіптік ықпал ету шаралары қабылданатын болады”, – делінген хабарламада.