Bugin

Жамбыл облысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АШМ басшысы Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының құрғақшылықтан зардап шеккен аудандарының фермерлерімен кездесті.

Айта кетейік, суармалы жерлердегі су тапшылығы әсіресе Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Талас аудандарында, сондай-ақ Т.Рысқұлов ауданында өткір сезіліп тұр. Алдын ала мәліметтер бойынша, дәнді жүгері көп жерде күйіп кеткен, қант қызылшасы, көкөніс және бақша дақылдары аздап зардап шеккен. Қазіргі уақытта облыс әкімдігі бүлінген егіс алқаптарын нақтылап жатыр.

Облыста аймақтағы климаттың өзгеруі нәтижесінде Шу және Талас өзендерінің арналарының жеткіліксіз толуына байланысты су тапшылығы орын алып отыр.

Министр ауыл шаруашылығы жерлерін аралап, сондай-ақ аграршылармен қалыптасқан жағдайды талқылады. Ербол Қарашөкеев ведомствоаралық комиссияның жұмысы туралы айтып, аталған мәселенің бар екенін растады.

АШМ басшысы қазір өңірлік ауқымдағы ТЖ жариялау және Үкімет резервінен қаражат бөлу есебінен фермерлерге келтірілген залалды өтеу мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті. Бұдан басқа, субсидияларға қажеттілікті жабу және оларды төлеуді жеделдету бойынша жұмыс жүргізілетін болады. «Бәйтерек» ҰБХ«АҚ желісі арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің несиелері бойынша борыштарды ұзарту және қайта құрылымдау мәселесі пысықталып жатыр.

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен отырыста өңірдің агросекторының ағымдағы жағдайы қаралды. Ауыл шаруашылығы министрі биыл 427,7 млрд. теңге субсидияның 27 млрд. теңгесі Жамбыл облысына бөлінгенін айтты.

Мемлекет басшысының бастамасымен»Ауыл аманаты«бағдарламасы бойынша ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған ауқымды жұмыс басталды. Биыл 100 млрд. теңге ауыл тұрғындарына өз ісін бастауға немесе дамытуға жеңілдікті шағын несиелер беруге жұмсалады. Атап айтқанда, бағдарламаға қатысуға Жамбыл облысының 5 мыңнан астам ауыл тұрғыны өтінім берді, несиелеу көлемі шамамен 24 млрд. теңгені құрайды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61