Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАлматыда автобус жүргізушісіне ер адам шабуыл жасаған. Жәбірленушігің айуынша, құқығын бұзған ер адам жазасыз қалып отыр. Ол прокурорларға үндеу жасады.
Алматы тұрғыны Асылбек Мамадариев Қазақстан бас прокуроры Берік Асыловқа және Алматы прокуроры Берік Жүйріктаевқа құқықтары бұзылғаны туралы шағымын айтып, үндеу жолдады.
Алматылықтың айтуынша, ол қалалық ішкі бағытта жолаушылар автобусын жүргізеді. 23 маусымда күнделікті жолаушыларды тасмалдау кезінде, сағат 19.00 шамасында оған ер адам шабуыл жасаған. Оқиғаның видеосы танымал пабликтердің бірінде жарияланды.
Кадрлардан ашулы ер адам тоқтап тұрған автобустың есігін тепкілеп ашып, жүргізушіге жұдырық жұмсағаны көрінеді. Бұл кезде автобус салонында жолаушылар болған. Олардың бірі келіп автобус жүргізушісіне араша түседі. Бұл ретте шабуыл жасаған ер адам сигнал басқанын, ал автобус жүргізушісі оны өткізбегенін, салдарынан көлігі соғылып қала жаздағанын айтып айғайлағаны есітелді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61