Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЖетісу облысында толассыз жауған жаңбырдан кейін ауылдарды су басты.
"Бүгін, 12 тамызда Жетісу облысының Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылында қатты жауған жауын-шашын салдарынан елді мекеннің төрт көшесінің аула аумағын су басып, еңіс ағын пайда болды", - делінген ТЖМ хабарламасында.
Оқиға орнында облыстық ТЖД күштері жұмылдырылғаны айтылды.
"Су басқан аумақтардың тұрғындарын ішінара эвакуациялау жүргізіліп жатыр. Бұл жерге Талдықорған қаласынан қосымша күштер жіберілді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
Желіде тұрғындар түсіріп алған сурет, видеолар тарады. Кадрлардан көліктердің суға батып жатқаны көрінеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61