Bugin
Оралда есірткіге мас ер адам тұрғындарды пышақпен қорқытқан.
Оқиға 11 тамызда Сырым Датов көшесі бойындағы "Астана" аялдамасында болған. Орал тұрғындары пышақ алып, жұртты қорқытқан ер адамды видеоға түсіріп алған.
Басылым мәліметінше, тәртіп бұзған ер адамды Орал ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлері анықтаған. Ол 37 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Медициналық сараптама қорытындысы бойынша, ол есірткіге мас күйде екені анықталған. Ер адам биылдың өзінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Тәртіп сақшылары оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттама толтырған. Ол 15-тен 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.