Bugin

Ерлі-зайыпты смартфон үшін балаларын сатып жіберген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Батыс Бенгалиядағы Баракпор тұрғыны Джайдев Гош пен әйелі Сатхи сегіз айлық сәбилерін сатып жіберген.

Бұл әрекеттерін олар атақты болғысы келуімен байланыстырған. Сондықтан смартфон алып, әлеуметтік желіге қысқа видеолар жүктемекші болыпты. Бірақ олардың жоспарын көршілері бұзды. 

Ата-анасы баланың сенбі күні жоғалғанын айтып полицияға жүгінген. Ал көршілері олардың қымбат заттарды сатып алғанын көргеннен кейін күдіктеніп, полицияға арыз жазыпты.

Тергеу кезінде әйел елді аралап, саяхаттау үшін ақша керек болғандықтан күйеуімен бірге балаларын Кхардах ауылының тұрғынына сатқанын мойындаған. Олар сахат барысын видео түсіріп, желіге салмақшы болыпты. 

Жұп 7 жасар қыздарын да сатпақ болыпты. Алайда бұл жоспарлары іске аспады.