Спорт

Месси «Алтын бутсы» үшін жарыста Мбаппеден айырмашылықты ұлғайтты

Месси бұған дейін бес рет «Алтын бутсы» иегері атанған еді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Барселона» сұрмергені Лионель Месси «Алтын бутса» үшін жарыста өз позициясын күшейтті, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

Испания біріншілігің 29-турында «Эспаньолға» қарсы ойында екі доп салған аргентиналық, голдар көрсеткішін 31-ге жеткізді. Оның басты қарсыласы «ПСЖ» командасының шабуылшысы Килиан Мбаппе Франция біріншілігің 30-турында «Тулуза» қақпасына бір ғана гол салды. Бұл гол оның 27-ші добы.

«Алтын бутсы» – Еуропаның үздік сұрмергеніне берілетін жүлде.

«Алтын бутсыға» үміткер алғашқы сегіз ойыншының тізімі:

1. Лионель Месси («Барселона»): 31 гол (x2.0) / 62 ұпай 

2. Килиан Мбаппе («ПСЖ»): 27 гол (x2.0) / 54 ұпай  

3. Фабио Квальярелла («Сампдория»): 21 гол (x2.0) / 42 ұпай 

4-8. Криштиану Роналду («Ювентус»): 19 гол (x2.0) / 38 ұпай 

4-8. Кшиштоф Пёнтек («Милан»): 19 гол (x2.0) / 38 ұпай

4-8. Серхио Агуэро («Манчестер Сити»): 19 гол (x2.0) / 38 ұпай 

4-8. Роберт Левандовски («Бавария»): 19 гол (x2.0) / 38 ұпай

4-8. Дуван Сапата («Аталанта»): 19 гол (x2.0) / 38 ұпай

Бұл жүйе бойынша голдар саны біріншіліктің күштілігінің коэффицентіне ұлғайтылады. Үлкен бестік біріншіліктерінің коэффиценті – 2,0. Оған: Англия, Германия, Испания, Италия, Франция біріншіліктері кіреді.

Айта кетейік, Месси бұған дейін бес рет «Алтын бутсы» иегері атанған еді.