Bugin

Шымкентте футболшылар мен жанкүйерлер төбелесті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

11 тамызда Шымкент қаласындағы "Биик" шағын стадионында "Қайрат-жастар" және "Оңтүстік" жастар құрамаларының кездесуі өткен.

Бірақ ойын барысында алматылық команда ойыншылары мен жергілікті жанкүйерлер арасында төбелес болды.

Төрешілер ойыншыларға шара қолданды. Ал команда жанкүйерлері полиция бөліміне жеткізілді.

"Полицияға шағым түскен жоқ. Ал, жанкүйерлерге футбол матчтарында өзін-өзі дұрыс ұстау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді", – делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратында.