Bugin
Биыл жаңа оқу жылында елордада 23 мыңға жуық оқушыға көмек көрсетіледі.
Оның 14 мыңнан астамына бюджеттен қаржылай жәрдем тағайындалған.
"Атаулы әлеуметтік көмек 41 мың теңгеден тағайындалған үкімет тарапынан. Өте ризамын өткен жылы да алдық. Балаларымызға бір балаға мектепке керек-жарақ нәрсенің барлығын алдық. Жақсы ойлап табылған нәрсе. Осы жылы да алдық. Қаншама ата-аналар риза болып жатыр. Бұрын ондай болған жоқ қой"- дейді көп балалы ана Фарида Бейжанова.
Аталған қаржылай көмекті әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз отбасылардан шыққан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар ала-алады.