Bugin
Астанаға жұмыс істеуге кеткен Үштөбе қаласының тұрғыны із-түзсіз жоғалған.
Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
Жоғалған адам - 1984 жылы туған Евтушенко Сергей Валерьевич. Ер адам астанаға 2022 жылдың сәуір айының басында кеткен. Одан кейін оның қайда кеткені белгісіз.
Белгілері: бойы 165-170 сантиметр, дене бітімі арық, шашы ашық қоңыр, көзі қара-жасыл, екі аяғында екінші және үшінші саусақтары біріккен.