Bugin
Бүлдіршін балабақшадан қашып шығып, орталық мешіт жақтағы жол жиегінен табылды. Жолға шығып кеткен үш жасар баланы көлік қағып кете жаздаған.
Мұны көрген көлік жүргізушілері тоқтап жағдайды білмек болған. Жүргізушілердің бірі баланың жеке меншік балабақшаның тәрбиеленушісі екенін айтқан. Бойжеткеннің айтуынша, бұл балабақшада мұндай жағдай бірнеше рет қайталанған. Ол баланы балабақшаға өзі апарып табыстаған.
“Баланы көлік қағып кетсе, кім жауап береді? Тіпті баланың жол жиегінде жүруі – қалыпты жағдай емес! Күтушілер мен тәрбиешілер баланың кетІп қалғанын қалай байқамай қалды? Ақылға сыймайды. Мен өзім әкемін және бұл жағдайды мүлдем түсіне алмаймын”, — дейді ер адам.