Bugin

Оралда жоғалып кеткен қыз туралы жаңа дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Оралда жоғалып кеткен қыз табылды.

17 жастағы Адель Сансызбаева 8 тамызда үйден шығып кеткен, содан бері оны ешкім көрмеген. Полицейлер қызды бірден іздестірді.

Төрт күннен кейін Адель Сансызбаева аман-есен табылды. Бұл туралы қыздың анасы Айгүл хабарлаған. Осы күндері Адельдің қайда болғанын және оның үйден не себепті кеткенін полиция да, қыздың туыстары да хабарлаған жоқ.

Бұған дейін анасы Айгүл Сансызбаеваның айтуынша, қызының бұрын-соңды бұлай кетпеген және қайда екенін үнемі ескертіп отыратын. Адельдің денсаулығында да ешқандай мәселе болмаған.