Bugin
Өткен жылдың көктемінде "Надежда" бауынан кең көлемде өрт шыққан.
Өртке оранған саяжайдан адамның мәйіті табылды. Кейін марқұмның зейнеткер Анатолий Волынкин екені анықталды. Енді зейнеткердің ұлы Евгений Волыкин әкесінің өліміне құтқарушыларды кінәлап отыр.
Саяжайдағы өртті жүздеген өрт сөндіруші ауыздықтады. Оқиға орнынан адам денесінің табылуына байланысты олардың жұмысын арнайы комиссия зерттеді. Нәтижесінде құтқарушыларға егқандай шағым түспеді.
“Зейнеткер эвакуацияланғаннан кейін өртеніп жатқан жерге қайта барған деген болжам бар. Барлық қажетті материалдар, радиостанциялар мен телефон хабарламалары тексерілді. Нәтижесінде Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінің тарапынан нұсқаулықтарды бұзу немесе орындамау деректері анықталмады”, – дейді Павлодар қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Тілекжан Галлямов.
Зейнеткердің өлімін полиция тексерді.
“Қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты ҚК-тің 371-бабы бойынша ("Салғырттық") сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды”, – дейді облыстық ПД баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы Алма Мұсабекова.
Алайда марқұмның ұлы құқық қорғау органдарының уәжімен келіспейді. Евгений Волыкин сот-медициналық сараптама жасатты.
“Сот-медициналық сараптама мәйіттің толық күйіп кетуіне байланысты өлім себебін анықтау мүмкін емес деп отыр. Сондай-ақ сот-медициналық сараптамада оның өкпесі мен кеңірдегінен күйе, қалдық, күл қалдықтары табылғанын көрсетті. Менің ойымша ол денесі табылған жерде емес, үйде өртеніп кеткен. Сондай-ақ істе әкемді үйден алып шығарғаны туралы қарауылдың түсініктемесі бар. Бұл істе өзгешеліктер көп”, – дейді марқұмның ұлы.