Bugin

Балаларымен саңырауқұлақ теруге кеткен әйел жоғалып кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы облысында құтқарушылар үш баласымен саңырауқұлақ теруге кеткен әйелді түні бойы іздеді.

12 тамызда үш баласы бар ана жол талғамайтын көлікпен Асы үстіртіне қарай саңырауқұлақ теруге кетіп, кешке қарай үйге оралмаған. Телефоны өшірулі болған.

Кешке ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы отбасын іздеуге шықты.

Іздеу жұмыстары түні бойы жүргізіліп, бүгін таңғы сағат 10:00-де құтқарушылар оларды тапты.