Bugin

Автобус пен ЗИЛ соқтығысып, 11 адам қаза болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

14 тамыз күні сағат 00:30-да Арменияның Ереван-Гюмри тасжолында жол апаты болды.

Оқиға Ланджик ауылына жақын маңда болған.
Құтқару қызметінің мәліметінше, жолдың 90-шақырымында "Фольксваген" жолаушылар шағын автобусы мен "ЗИЛ" жүк көлігі соқтығысқан. Апаттан 11 адам қаза тапты.
Гюмри медицина орталығының ақпаратына сәйкес, ауруханаға зардап шеккен 7 адам жеткізілген. Кейін оның бірі Еревандағы "Эребун" медицина орталығына ауыстырылған.