Bugin

Ыстықкөлде ірі жол апатынан 8 адам қаза тапты, арасында балалар бар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ыстықкөл облысында ірі апаттан 8 адам қаза тапты, олардың арасында балалар да бар. Ақпаратты Қырғызстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі растады.

Оқиға тамыздың 12-сінен 13-іне қараған түні Ыстықкөл облысының Тоң ауданындағы Бішкек-Балықшы тас жолында болды. BMW және Audi маркалы екі көлік соқтығысқан. Салдарынан 6 адам зардап шегіп, 8 адам қаза тапты.