Bugin

Шығыс Қазақстанда алғашқы қар жауды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шығыс Қазақстан облысында биыл алғашқы қар ерте жауды.

Катонқарағай ауданындағы Алтай тауының ең биік нүктесі Мұзтау шыңына қар түскен. Бұл туралы сол жердегі Altay-pro альпинистік лагерьінен мәлім етті.

"Шығыс Қазақстандағы Мұзтау шыңына алғашқы қар жауды. Соңғы 10 жыл көлемінде қардың осыншама ерте жаууы алғаш рет. Бірақ қар тез еріп кетті", - дейді Көккөл сарқырамасының маңында орналасқан туристік лагерь жетекшісі, альпинист Вячеслав Орлов.

Оның айтуынша, бұл күні түнде су қатқан жоқ, ал төмендегі Берел қорғандары аймағында күн ашық және жылы болды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61