Bugin

Әкесі басқа үйге қонған қызын өлтіріп, денесін мотоциклге байлап, ауылды аралаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үндістанда әкесі 16 жастағы қызын түні бойы қыдырып, бөтен үйде түнегені үшін өлтіріп, денесін мотоциклге байлап, Пенджабтағы Амритсар ауылын аралаған

Желіде жәбірленушінің денесі деп болжанған мәйітті мотоциклдің сүйреп бара жатқаны бар видео тарады. Әкесі қызының денесін сүйреп өткеннен кейін пойыз жолына лақтырғаны да белгілі болды.

Айыпталушы әке қылмыс жасаған күннің ертесіне ұсталды. Ол сотқа жеткізілгенде, ауылдағы басқа ата-аналар сияқты болғысы келмейтінін айтқан. 

"Мен – абыройы бар адаммын", – дейді дәстүрлі киім киген адам. 

Ол бұл әрекеті үшін өкінбейтінін айтып, басқа қыздарға үлгі болсын деп жасағанын жеткізді. Сот оны әзірге бір тәулікке қамауға алды.