Bugin

Оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бас прокуратура Қаңтар кезінде оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің өліміне қатысты өтіп жатқан сотқа байланысты мәлімдеме жасады.

Алматы гарнизонының әскери соты кәмелетке толмаған Айкөркем Мелдеханның өліміне әкеп соққан "Билікті асыра пайдаланды" (ҚР Қылмыстық кодексінің 1-тармағының 451-бабы 2-бөлігі) деген айыппен әскери қызметші А.Жұманға қатысты қылмыстық істі қарап жатыр.

Сот процесі іс материалдарында жариялауға болмайтын құпия құжаттарға байланысты жабық режимде өтіп жатыр.

"Бүгін қайтыс болған Айкөркемнің әкесі - Айдос Мелдехан БАҚ өкілдеріне мемлекеттік құпияларға рұқсаттың болмауынан сот процесіне жіберілмейтінін айтты. Айдос Мелдеханға мемлекеттік құпияларға рұқсатты рәсімдеу бірнеше рет, оның ішінде биылғы 19 шілдеде Бас әскери прокуратура басшылығымен жеке қабылдауда ұсынылғанын мәлімдейміз. Алайда ол оны рәсімдеуден және арнайы тексеруден өтуден бас тартты. Бұл туралы қылмыстық іс материалдарында тіркелген өз қолымен жазған арызы куәландырады", - делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.

Ведомство мемлекеттік құпиялары бар барлық қылмыстық істер бойынша рұқсатты рәсімдеу міндетті талап екенін ескертті.

"Бұл ретте адвокат пен қаза тапқан Айкөркемнің туған ағасы – Мелдеханов Бауыржанға биылғы сәуір және маусым айларында мемлекеттік құпияларға, тиісінше қылмыстық істің барлық материалына рұқсат берілді.Жәбірленушілердің құқықтарының сақталуын олардың мүдделерін білдіретін кәсіби адвокат қамтамасыз ететінін атап өтеміз", - делінген мәлімдемеде.