Bugin

Желіде бір топ адамдар бір-бірін пышақпен қуған видео тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Полиция бірнеше адамның төбелесіне қатысты пікір білдірді.

"Алматы қаласы. Барахолка жақта түсініксіз жағдай болып жатыр. Бірнеше күн бұрын Москвин көшесінде өрт болған еді", - делінген жазбада. 

Видеода бірнеше ер адам сөзге келіспей қалғанын байқауға болады. Артынша бір ер адам екіншісінің артынан пышақ секілді нәрсемен қуып бара жатады. 

Қалалық Полиция департаменті өкілдері бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. 

"Алматы қаласының полициясы әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында бұл дерек бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлайды. Бұл іске қатысты адамдар анықталады. Олардың әрекетіне заң бойынша баға беріледі", - дейді қалалық ПД өкілдері.