Bugin

Желіде әпкесі кішкентай қызды ұрып-тепкен видео тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлеуметтік желіде бейтаныс әйелдің кішкентай қызды теуіп, ұрып жатқаны түсірілген видео тарады.

Полицияның хабарлауынша, оқиға 14 тамыз күні таңғы уақытта болған. 5 жасар қыз балабақшаға барғысы келмеген. 17 жастағы туысы оның бұл әрекетінен кейін ұрып-соққан.

Жасөспірімге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-2-бабы 1-бөлігі "Ұрып-соғу" бойынша әкімшілік іс қозғалды.

"Қыз баланың заңды өкілдері болған оқиғаны әрі қарай талқылаудан бас тартты. Оларға балалар психологымен жұмыс ұсынылды", - деп хабарлады полиция.